Пара каноэдан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 10 медаль алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Пара каноэдан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 10 медаль алды

Пара каноэдан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 10 медаль алды

Таиландта өткен Азия чемпионатында пара каноэдан ел спортшылары жеңіске жетті.

Үздік параспортшылардың басын қосқан дүбірлі додада Қазақстан құрамасы жақсы нәтиже көрсетіп, 10 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 3 алтын, 5 күміс, 2 қола бар. Ел намысын қорғаған спортшылардың арасында Бибарыс Спатай ерекше көзге түсті. Ол 2 алтын, 1 қола медаль еншіледі. Ал Максим Богатырев қоржынға 1 алтын, қос күміс медаль салды. Жаңыл Балтабаева қос күміс, Мейіржан Армия 1 күміс, 1 қолаға қол жеткізді.

Бұл жеңіс – Қазақстан құрамасының пара каноэ спортындағы әлеуетін көрсетті.

Айдана Қуантхан


Бөлісу