Астанада темекіге балама өнімдерді тұтынатын мыңнан астам адам анықталып, жазаланды. Снюс, насыбай, кальянды заңсыз сатқан кәсіпкерлер де әкімішілік жауапкершілікке тартылды. Қала әкімдігінің баспасөз өкілдерінің хабарлауынша, оларға бас-аяғы 4 миллион теңгеден асатын айыппұл салынған. Мәселен, тек Сарыарқа ауданында жыл басынан бері шегілмейтін темекі өнімдерін қолдануға байланысты 315 құқықбұзушылық тіркелді. Ал Алматы ауданында тыйым салынған заттарды сатып келген 32, Сарайшықта 5 дүкеннің жымысқы әрекеті әшкере болды. Байқоңыр ауданында 53 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ Есіл ауданында кальян шеккен 756 адам жазаланды. Нұра ауданында шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сатудың 6 дерегі анықталды. Профилактикалық рейдтер қала бойынша әлі де жалғасады.
Асылбек Данияр
