Абай облысында қолданыссыз жатқан жерлерді қайтару қарқынды жүргізіліп жатыр. Тек биылдың өзінде 90 мыңнан аса гектар жер мемлекет есебіне алынған. Десе де жайылымдық, егістік жерлерді алып, еш пайдаланбастан құр иеленіп отырғандар әлі де көп. Оның көлемі биыл 243 мың гектарға жуық. Облыс бойынша тек Ақсуат ауданының өзінде соңғы 3 жылда 120 мың гектар кері қайтарылса, биыл тағы 70 мыңын рәсімдеу көзделіп отыр. Мамандар бос жерлерді конкурстық негізде шаруашылық ашатын тұрғындарға қайта үлестіруде.
Серік Ахметов, Ақсуат ауданының ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы:
Жерді құр алып алған. Пайдаланбай, малы жоқ болып отырған жер иеленушілер бар. Ең көбі 70 мың гектар жер телімін қайтарып алған жерлер бар. Кезінде 49 жылға алып игерілмей жатқан жердің барлығын қайтарудамыз.
Ержан Жақып
