Алматыда «Қытай ұлттық өнер музейі» көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Қытай ұлттық өнер музейі» көрмесі ашылды

06.06.2025

Алматыда «Қытай ұлттық өнер музейі» жауһарларының көрмесі ашылды. Келушілер көрші елдің суретшілерінің еңбегімен Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде таныса алады. Экспозицияға қордан алынған кескіндеме, графика туындылары және мүсіндер қойылған. Көпшілікке дәстүрлі Қытай кескіндемесі – сиямен қағазға салынған туындылар да ұсынылды. Бұл шығармалар ХХ-ХХІ ғасырларды қамтиды. 2018 жылы Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі «Жібек жолы музейлері мен галереялары» Халықаралық альянсының құрамына кірді. Кәсіби өнер ұйымдарын біріктіру бастамасы Қытай Ұлттық музейіне тиесілі. Ол альянсқа мүше елдердің арасында мәдени ынтымақтастық пен өзара тәжірибе алмасуды көздейді. Көрме 3 тамызға дейін жалғасады.

Гүлайым Жұмабекова, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің директоры:

Қытай елінде міндетті түрде біздің музейдің қорынан көрме ұйымдастыру керек болады. Оны 2026 жылға жоспарлап отырмыз. Осы мәселені қарастырып, сол кісілермен келісіп, біздің қордағы қандай жұмыстарды апаратынымызды шешіп, сол жайында біз қазір үлкен жұмыстар жүргіземіз.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу