Елдегі орман қорының төрттен үш бөлігі ШҚО-да өседі
Еліміз бойынша орман қорының төрттен үш бөлігі шығыста өседі. Осы ен байлықты сақтап қорын көбейту тек орманшылардың ғана емес, жалпыға ортақ жұмыс. Сондықтан Президент 2 миллиард түп көшет егуді тапсырған. Соңғы 3 жылда Шығыс Қазақстан облысында 5 мың гектар жерге ағаш отырғызылды. Бұл жұмысқа «Таза Қазақстан» акциясы да серпін берді.
Олжас Керейхан, тілші:
Иә, шығыста су да, ну да бар. Оны сақтап, әсіресе, орман қорын көбейту бойынша нақты жоба жоспар жасалды. Соған сәйкес алдағы бірнеше жылда облыс аумағында 15 мың гектар жерге 76 млн түп көшет егу жоспарланған. Бұл игі бастаманың жүзеге асуына аймақтағы жастар ұйымы жыл он екі ай ұйытқы болып келеді. Жалпыға ортақ экологиялық акциялардың қалай жүзеге асып жатқанын облыстағы волонтерлар орталығының жетекшісі Айдос Әділбековтен білсек.
Айдос Әділбеков, облыстық волонтерлар орталығының жетекшісі:
Жалпы, облыста 13 орман шаруашылығы, 1 ұлттық парк, 2 қорық бар. Осы орман мен қорықтарды және су айдындарын жүзден аса аң мен құстың түрі мекендейді. Көбі Қызыл кітапқа енген. Осындай тұмса табиғаты болса да, Өскемен еліміз бойынша ауасы лас қалалардың алғашқы бестігіне кіреді. Әсіресе соңғы 2 жылда облыс орталығының ауасы тарылып барады. Сондықтан биыл «Өскемен тынысы» деген бюро құрылды. Қоғамдық бюро мүшелері әр тоқсан сайын аймақтағы экология қатысты өз ұсыныстарын беріп отырады.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58