Таразда колледж директоры қаржы жымқырды деген күдікке ілікті
Орта оқу орнындағы зерделеу жұмысының соңы тергеуге ұласты. Таразда ЖД-158/4 түзету мекемесі жанындағы колледж басшысы қаржы жымқыру дерегімен тергеуге алынды. Директорға дәрісте жоқ сотталушылар үшін 25 млн теңгені талан-таражға салды деген айып тағылды. Прокуратура 3 жыл бойы 132 жазасын өтеушінің бірде-біреуі сабақта болмағанын анықтады. Ал қағаз жүзінде қатысқан деп көрсетілген. Сотталушылар білім алудың орнына басқа жұмыстарға жегілген болуы мүмкін дейді. Жалпы, түрме ішіндегі №15 колледж мемлекет қаржысы есебінен жыл сайын 300-ге жуық сотталушыға кәсіптік және техникалық білім береді.
Жүсіп Ерлібай, Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі:
Оларға білім берілмеген. Соның салдарынан 25 млн 500 мың теңге көлемінде қаржы жымқыру дерегі анықталып отыр. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды. Тергеу әрекеті жалғасуда.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58