Автобус апаты: Жолаушының аяғы ампутацияланды
Астанада автобус апатынан зардап шеккен бір жолаушының аяғына ампутация жасалды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Кеше елордадағы автобуспен болған жол апаты кезінде жедел медициналық жәрдем бригадалары қала стационарларына барлығы 15 адамды жеткізді. Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандары үйлеріне жіберілген. Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы тұрақты ауыр және өте ауыр дейді дәрігерлер. Бір науқастың аяғының төменгі бөлігі кесілген.
Айта кетейік, автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі бағанға соғылды. Жол апатына қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58