Петропавлда 800 млн теңге жымқырған экс-депутат 8 жылға сотталды
Петропавлда облыстық мәслихаттың экс-депутаты 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 800 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.
Павел Булаевтың ұрлаған ақшаға сатып алған 6 пәтері, дүкен, шеберхана, жер учаскелері, 3 жеңіл көлік пен бірнеше техникасы тәркіленеді. Мәслихат депутаты әкімдік қарамағындағы коммуналдық мекемені басқарған. Оның қол астында жұмыс істеген тағы 3 адам 7,5 жылға сотталды. Олар өз аттарына түрлі кәсіпорын ашып, коммуналдық мекемемен келісім жасаған. Қағаз жүзінде кәріз желілерін жаңарту, сорғы станцияларын жөндеу және арнайы техниканы жалға берген. Шын мәнінде, аталған фирмалардың біразының иелігінде ештеңе болмаған. Сыбайластар түскен қаржыны өзара бөліскен.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58