Шерзат ісі: Прокурор күдіктілерді 7 жылдан 23 жылға дейін соттауды сұрады
Шерзат Полаттың қазасына кінәлілер 7 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы тиіс. Прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыларға осындай қатаң жаза тағайындауды сұрады.
Дамир Нұрмұхамет, тілші:
Сотталушылар өз жауаптарында «Бізді адастыруға тырысты» деп сөз бастаған прокурор Шерзаттың өліміне тікелей Абзал Шынасылды кінәлі деп танып, оны 23 жыл бас бостандығынан айыру керектігін айтты. Ал Равиль Сакиев «Адам өлтіруге оқталу» фактісі бойынша 20 жылға, бұзақылық бабымен Азамат Тоқтаубаев 15 жылға, Нұрқияс Ілиясов 9 жылға сотталуы тиіс деді. Сондай-ақ Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметті 7 жылға орташа қауіпсіздіктегі мекемеде бас бостандығынан айыру туралы айтты. Сонымен қатар куәгер Эльмира Нұрбекованы, Дана Жақсыкелдіні және Қазыкенов пен Розыбакиевті қылмысты жасырып қалғаны үшін, заң аясында жазалау туралы өтініш жасады. Әзірге осы. Қазір үзіліс жарияланды. Сот отырысы түстен кейін жалғасады.
Дамир Нұрмұхамет
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58