Алматыда қоғамдық орындар мен тарихи ескерткіштер аумағы тазартылды. Еріктілер Әліби Жангелдин ескерткішінің аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ тұрғындар демалатын алаңдағы бұзылған орындықтарды жөндеп, бүлінген бөлшектерін ауыстырды. Жалпы қала бойынша өткізілген тарихи-мәдени мұраларды сақтау шараларына 1000-ға жуық ерікті атсалысқан. Акция «Вандализмге жол жоқ» акциясы аясында өткізіліп отыр.
Дидар Ділдәбек, «Amanat» партиясы Алматы қалалық «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы:
Осының алдында 28 гвардияшы-панфиловшылар паркінде орналасқан объектілерде тазалық жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Біздің вандализм бағытында іске асып жатқан жұмысымыздың бәрі тазалық жұмыстарымен, ескерткіштерді жақсы бір күйге келтіру мақсатында іске асып жатыр.
Қуан Нұрақын
