Биыл Жамбыл облысында үш «Жайлы мектеп» ашылады
Биыл Жамбыл облысында Президент тапсырмасына сәйкес үш «Жайлы мектеп» салынады. Оның екеуі Қордай ауданында, біреуі Таразда бой көтереді. Жоспар бойынша өңірде салынуы тиіс 7 мектептің 4-уі былтыр пайдалануға берілді.
Соның бірі былтыр «Бәйтерек» шағын ауданынан ашылған №66 білім ұясы. 1800 бала оқитын заманауи нысанда оқушылар үшін барлық жағдай жасалған. 59 оқу сыныбы, 10 коворкинг орталығы, 3 зертхана, және жеке медиа студиясы да бар. Онда журналист болғысы келетін жеткіншектер 10-нан аса телебағдарлама жасап жүр. Ағарту ошағы ашылысымен оқушылары республикалық білім бәйгелерінде жеңімпаз болып, мұғалімдері үздік педагог атанып отыр.
Айгүл Қалмаханова, үздік педагог:
Маған да осындай бақыт бұйырып, желтоқсан айынан бастап жұмыс атқарудамын. «Жайлы мектеп» жәй ғана ғимарат қана емес, ол баланың шығармашылығын дамытатын орта. Бұл жерде баланың идеясын жүзеге асырады. «Жайлы мектеп» мұғалімдер үшін шығармашылық алаң болатын болса, оқушылар үшін шабыттың көзі.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58