Трамп ЕО тауарларына тарифті 50 пайызға көтеретінін ескертті
АҚШ президенті Дональд Трамп маусымның 1-нен бастап Еуропа одағынан келетін тауарлардың бәріне тарифті 50 пайызға көтеретінін ескертті. Себебі, оның сөзінше, «Қарт құрлық» елдері өз жерінде америкалық автомобильдерді сатуға шектеу қойып отыр. Сонымен қатар, Трамп Брюссельді екіжақты сауда келіссөздерінде жылдам прогресс байқатпады деп айыптады. Еуропа одағы болса, Вашингтонмен тиімді келісім жасауға ұмтылып жатқанын мәлімдеп, қорқытуды тоқтатып, өзара құрметке көшуге шақырды.
Тағы бір сөзінде Трамп Apple компаниясына да шабуыл жасап, одан өндірісті АҚШ-қа көшіруді талап етті. Америка лидерінің мәлімдеуінше, керісінше жағдайда iPhone телефондарына баж салығы 25 пайызға өсуі мүмкін.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заңғар Нұрланұлы әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына енді
10.09.2025, 18:32

«Барыс» екінші ойында да жеңді
10.09.2025, 18:18
ӘЧ: Кешкі сессияда 7 боксшымыз шығады
10.09.2025, 18:16
Маңғыстау облысында үлгілі ауылдар анықталды
10.09.2025, 18:12
Өзбекстан диқандары қауынды қайта өңдеп, түрлі өнім шығаруда
10.09.2025, 18:04
Алматы облысының Ұйғыр ауданында ҚХА І сессиясы өтті
10.09.2025, 18:00
Түркістан облысында «Келешек мектептері» арқасында орын тапшылығы шешіле бастады
10.09.2025, 17:55
Интеллектуал жастар – ұлттық руханияттың тірегі
10.09.2025, 17:49