Ресей мен Украина соғыс басталғаннан бергі ең үлкен тұтқын алмасу шарасын бастады. Екі жақтың әрқайсысы мың адамды үйіне жіберуі керек. Мұны Украина армиясының өкілдеріне сілтеме жасап, «Рейтер» агенттігі хабарлады.
Ресей мен Украина өткен аптада Стамбұлда екі сағатқа созылған келіссөздер қорытындысында мың тұтқыннан қайтаруға келісті. Бұл – сол кездесудің жалғыз жетістігі. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған атысты тоқтату жобасы бойынша тараптар келісімге келе алмаған еді.
Бірер сағат бұрын белгілі болғандай, Германия Қытайға Украинадағы соғысты тоқтатуға көмектесу жөнінде өтініш айтқан.
Арыстан Рысбек
