Талдықорғанда өңірлік азаматтық форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда өңірлік азаматтық форум өтті

23.05.2025

Жетісу облысында Қазақстанның XII Азаматтық форумы аясында алғаш рет өңірлік форум басталды. Негізгі мақсаты – мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты нығайту және тәжірибе алмасу. Еліміздің 3 ірі мегаполисі мен 17 облыстың делегаттары келді.

Жалпы, еліміз бойынша 22 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым бар. Оның 18 мыңы белсенді түрде жұмыс істейді. Азаматтық қоғам өкілдері қазір мемлекеттің сенімді серігіне айналды дейді ұйымдастырушылар.

Дания Қыдырбаева, «Жетісу облысының азаматтық альянсының» төрайымы:

Бүгінгі форум жаңа заман талабына сай азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жаңаша деңгейге көтеретін маңызды алаң. Цифрлық технологиялар арқылы азаматтардың белсенділігі артып келеді. Азаматтық қоғам бұл - елге жанашырлықтың сана мен жауапкершіліктің көрінісі.

Дамир Нұрмұхамет

Хабарламаларға жазылу