Жамбыл облысында 107 мың гектардан астам аумаққа тараған үйірлі шегірткені дәрілеу жұмысы 40% аяқталды. Өңір бойынша марокколық зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу бір ай бұрын басталған.
Бұған дейін аумақтық инспекция солтүстік Африка қанаттылары 26 мың гектардан аса жерге жайылды деп дабыл қаққан еді. Қазір жою жұмысы толық біткен. Бірақ италияндық прус шегірткесі шыққан 58 гектарға жуық алқаптың әзірге 20% дәріленді. Бұл 12 мың гектарды құрайды. Ал жәндіктің азиаттық түрін залалсыздандыру бойынша зерделеу жүріп жатыр. Бүгінде олар аймақ бойынша 23 мың гектардан астам аумаққа тараған. Мамандар дәрілеу маусым айына дейін жалғасады деп отыр. Бұл бағытқа республикадан 460 млн теңге қаржы қаралған.
Нұрби Жігітеков, Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекция басшысы:
Ең көп болғаны бізде Байзақ ауданы, Жамбыл ауданы, Талас ауданы, Шу ауданы. Шегірткені толығымен жою ол мүмкін емес. 100% орындалмайды, 87-90% дейін орындалады. Биологиялық тиімділігін де қарап отырмыз, мердігерлердің артынан. Сондықтан ешқандай қауіп жоқ деп айта аламын.
Данияр Әлімқұл
