Шымкент халқы жылуға 665 млн теңге қарыз
Шымкент қаласы тұрғындары жылу беру мекемелеріне 665 миллион теңге қарыз. «Қуатжылу орталығы» қордаланып қалған қарыздарын өндіру үшін енді сотқа жүгінуге мәжбүр. Қазірдің өзінде олар 602 абоненттің ісін сотқа жолдаған. Шаһар халқының жылуға қарыз болып қалуының бірнеше себебі бар. Биыл жылу маусымы жылдағыдай 134 күн емес, одан әрі екі аптаға ұзарып кетті. Оның үстіне мегаполисте көпқабатты тұрғын үй құрылысы қарқын алғандықтан, биыл абоненттер саны 2,6 пайызға артқан. Мекемеге қарыз болып қалғандардың дені пәтерін сату, сатып алу кезіндегі арылықта төлем жүргізбегендер. «Қуатжылу орталығы» берешегі бар абоненттерге сотқа дейінгі ескерту қағазын жіберіп, ай сайын рейд ұйымдастыруда.
Мейрамбек Шынбатыров, «Қуатжылу орталығы-3» МКК бөлім басшысы:
Сот процесінде ол төлемейтін болса, әрі қарай жеке шоттарын бұғаттаймыз. Жеке мүліктері де бұғатталады. Тұрғын үй, баспанасы болсын. Мемлекеттен шығуға тыйым салынады. Осы мәселелерді пайдаланып, барынша өндіруге әрекет жасаймыз.
Ғани Қалмаханов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
