Алматыда шекарашылар арасында қоян-қолтық ұрыстан турнир басталды
Алматыда ТМД елдерінің мемлекеттік шекара қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнир басталды. Сайыс биыл 27-рет өтіп жатыр. Шара көршілес елдер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. Тартысты бәсекеге 5 мемлекеттен 40-қа жуық спортшы қатысты. Боз кілемдегі белдесуде әскери қызметкерлер 9 салмақ дәрежесінде сынға түспек. Жарыс 5 күнге созылады. Келесі турнир Беларусь мемлекетінде өтеді.
Максим Слесарчук, қатысушы /Беларусь/:
Мен 97 келі, яғни ең жоғары салмақ дәрежесі бойынша жарысқа қатысып жатырмын. Бұл сайыстан бірнеше ай бұрын командамызда арнайы жаттығу дайындықтары өтті. Жалпы6 қатысушылар бойынша Ресей, Қазақстан мықты қарсылас деп санаймыз. Өз дайындығымызды жоғары деңгейде көрсетеміз.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58