Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы аясында Пестрое көлінің жағалауы қоқыстан тазартылды. Шараға университет пен колледждерден 70-тен астам студент қатысты. Бірер аптадан кейін өңірде шомылу маусымы басталады. Сондықтан еріктілер тазалық акциясын жағажайда ұйымдастыруды жөн санапты. Жалпы жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында 600-ден астам шара өткізілді.
Анастасия Волкова, ерікті:
Біз мемлекет басшысының бастамасын қолдаймыз. Жағажайды ғана емес, басқа аумақтарды да тазартамыз. Студенттердің үнемі белсенділік танытатыны қуантады.Аударма Біз мемлекет басшысының бастамасын қолдаймыз. Жағажайды ғана емес, басқа аумақтарды да тазартамыз. Студенттердің үнемі белсенділік танытатыны қуантады.
Эльмира Кәленова
