О.Бектенов Shell компаниясының өкілдерімен кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов Shell компаниясының барлау және өндіру бөлімшесінің президенті Питер Костелломен кездесті. Тараптар мұнай-газ жобаларын іске асыру мен екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Кездесуге Shell-дің Қазақстандағы төрағасы Әли әл-Жанаби мен Намибиядағы барлау жөніндегі вице-президент Сюзанн Куган қатысты. Жиын барысында Қарашығанақ кен орнында жылдық қуаты 4 млрд текшеметр болатын газ өңдеу зауытының құрылысы және Қашаған кен орнын игеру жұмыстары қаралып, онда қуаты жылына 2,5 млрд текшеметрлік газ өңдеу зауытын салу жоспары пысықталды. Өз кезегінде Премьер-министр Қазақстан Үкіметінің одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58