Тараз қаласының бұрынғы әкім орынбасары сотталды
Таразда бітпеген баспана үшін мердігерге 519 млн теңге аударған лауазым иесі сотталды. Енді қала әкімінің бұрынғы орынбасары 4 жылын түрмеде өткізеді.
Ал ақшаны алу үшін жалған құжат жасаған кәсіпкер 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Әккі мердігер әуелі тендерді ұтқан. Бірақ көп қабатты 3 үйдің құрылысын аяқтай алмайды. Бірақ қабылдау құжатында баспаналар бой көтерді деп көрсеткен. Шикі іске қол қойған шенеунік сотта кінәсін мойындамаған. Бір қызығы экс-орынбасар былықтың беті ашылмай жатып, 3 апта бұрын өз еркімен қызметтен кеткен. Артынша тексеру басталып, тергеу 1 жарым жылға созылды.
Ербол Дүйсенбаев, Тараз қалалық №2 сот төрағасы:
Тараз қаласының әкімдігі сот қарау барысында талап-арыз беріп, бұл талап-арыз толық көлемде қанағаттандырылып, 2 тұлғадан ортақ көлемде 32 млн өндірілді. Ал ЖШС директорынан қалған 104 млн өндірілді. Жалпы 137 млн кінәлі тұлғалардан өндіріліп отыр.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58