Биыл Шымкент қаласының мектеп оқушылары үшін ерекше лагерлер ұйымдастырылады. Әсіресе, жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беріледі. 7–8 сынып оқушылары шаһардағы 40 кәсіптік колледждің базасында түске дейін болып, жұмысшы мамандықтарының қыр-сырын қанығады. Шеберханалардағы жұмыс барысын көреді. Демалыс соңында оларға арнайы сертификат беріледі.
Ал 9 және 10 сынып оқушылары болса, демалысының біраз бөлігін жоғары оқу орындарында өткізбек. Олар университеттерге оқуға түсу тәртібімен танысады және ондағы білім беру процесі мен студенттік өмірді танып-білуге мүмкіндік алады.
Гүлназ Сүлейменова, қалалық Білім басқармасының басшысы:
Сол жердегі спорттық базаларда ойнайды. Әрбір мамандықтың ерекшелігін қарап, кәсіби шеберханалар бар, олармен 3–4 курс студенттері жұмыс жасайды. Әр мамандықпен егжей-тегжейлі танысып, сол мамандық не береді, ЖОО-ға қалай оқуға түсуге болады – сонымен танысады.
Ғани Қалмахан
