Қызылорда облысының оқушылары «Таза Қазақстан» экоакциясына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының оқушылары «Таза Қазақстан» экоакциясына қатысты

16.05.2025

Қызылорда облысы, Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» экоакциясына мектеп оқушылары үн қосты. Бидайкөл ауылының жастары білім ордасының ауласына сенбілікке шығып, ағаш отырғызды.

Білім ұясының ауласындағы талдарға күнделікті күтім жасалып, бүгінде жасыл желекке айналған. Жалпы қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті насихаттау бағытында мектепте бірқатар байыпты бастамалар қолға алынған. Соның ішінде арнайы экокабинет ашылып, оқушылар қоқысты сұрыптау, қайта кәдеге жарату бойынша жобаларын жүзеге асырып жатыр. Яғни жастар тазалықпен қатар заман ағымына қарай жаңашылдықтарды меңгеруде.

Айжан Қарекеева, мектеп директоры:

Бұл тек қана тазалық шарасы емес. Бұл жалпы өзінің жерін, елін сүюге құрметтейтін, өзінің сүйіспеншілігін білдіретін үлкен бір әрекет. Сол себептен біздің мектебіміздің оқушылары үнемі өзінің үлесін қосып, жерімізді көркейтуге үлесін қосуда.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу