С.Сәдуақасұлының туғанына 125 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

С.Сәдуақасұлының туғанына 125 жыл

16.05.2025

«1925 жыл: ұлт мұраты шыңдаған қайраткерлік». Осындай атаумен Астанада ғылыми-практикалық конференция өтті. Онда мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, сыншы, журналист Смағұл Сәдуақасұлының өмірі мен еңбегі және ерлігі жайлы баяндалды. Биыл қайраткердің туғанына 125 жыл. Оның үстіне «қазақ» атауының қалпына келтірілгеніне 100 жыл толып отыр. Алқалы жиынға арқау болған негізі тақырыптар осы. Сондай-ақ жиынға қатысқан ғалымдар Смағұл Садуақасұлының ұлт болашағы үшін айқындаған бағыты мен көтерген мәселелер әлі де өзекті екеніне екпін берді.

Тұрсын Жұртбай, жазушы, ғалым:

Сол Смағұл Сәдуақасов қойған ҚР ішкі экономикалық, саяси, тілдік мәселелері әлі де өзінің құнын жойған жоқ. Смағұл Сәдуақасов оқу министрі болып тұрған кезде тіл туралы заң, қазақ университетін алғаш ашқан, ректор болған Смағұл. Осының барлығы кішкене қозғалып аты өзгергені болмаса сол Смағұл алаңдаған күйде.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу