Қазақстан тарихының көптомдығын даярлау жөніндегі редакция алқасының жиыны өтті
Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты академиялық жетітомдықты даярлау жөніндегі редакция алқасының жиыны өтті. Редакция алқасының басты міндеті – көптомдықтың мәтінін, оған енгізілген карталар мен иллюстрациялық материалдарды сараптап, бекіту. Бұл алқаның құрамында жетімтомдықтың жетекшілері, авторлары, Ұлттық музейдің, Орталық мемлекеттік архивтің, Тарихшылардың ұлттық конгресінің басшылығы, академиктер, тарихшы ғалымдар, этнология, тарихи география, архив ісі, филология салаларындағы жетекші мамандар бар. Жиында алқа жұмысының жоспары талқыланды. Ал маусым айынан бастап әр томның қолжазбасы кезең-кезеңімен мұқият тексеріліп, беттеу жұмыстарына жіберілетін мәтіннің соңғы нұсқасы бекітілуі керек
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
