ІІМ құқықбұзушылықтың алдын алатын заң жобасын таныстырды
Полицияға көмек көрсететін қоғам белсенділері мемлекеттік марапатқа ұсынылып, қаржылай сыйақы алады. Бүгін мәжілісте таныстырылған «Құқық бұзушылықтың алдын алу» туралы заң жобасында осындай норма бар. Марапаттың көлемі мен түрін жергілікті әкімдіктер анықтайды. Құжатқа сәйкес құқық бұзуы мүмкін деген азаматтарды ерте анықтап, олармен жұмыс істеуге басымдық беріледі. Оған барлық мемлекеттік органдар қатысады. Ал жазасын өтеп шыққандар есепке алынады. Есепте тұру уақытын сот шешеді.
Игорь Лепеха, Ішкі істер министрінің орынбасары:
Бұл заң жобасында қылмыс жасауы мүмкін деген адамдармен жұмыс тәртібі тәптіштеліп жазылды. Ең негізгі өзгеріс осы. Яғни адамның күнделікті өмірі мен тәртібі бақыланады. Егер күдікті әрекеттерді байқасақ, мектептердің, балабақшаның маңайына жоламау, түнде үйден шықпау сияқты шектеулер қолдана аламыз. Әр жарты жыл сайын сот арқылы шектеулердің мерзімін ұзартып отырамыз. Біздің есебімізше, бұл қылмыс санын едәуір азайтпақ.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда алғашқы заманауи өнер мұражайы ашылды
10.09.2025, 10:29

Солтүстік Аралды сақтап қалу жобасының екінші кезеңі басталмақ
10.09.2025, 10:28
Импортқа тәуелділікті азайту – стратегиялық міндет
10.09.2025, 10:26
Жолдау: Президент транзиттік тасымал көлемін арттыруды тапсырды
10.09.2025, 10:25
«AMANAT» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдірді
10.09.2025, 10:23
Цифрлық штаб жолдауды орындау үшін бірқатар шешім қабылдады
10.09.2025, 10:21
Францияда жаңа премьер-министр тағайындалды
10.09.2025, 10:20
Израильдің соққысынан Дохада «Хамастың» 5 мүшесі мерт болды
10.09.2025, 10:18