Басты Жаңалықтар «Самұрық-Қазынаның» жылдық табысы 39 пайызға өсті

«Самұрық-Қазынаның» жылдық табысы 39 пайызға өсті

«Самұрық-Қазынаның» жылдық таза табысы былтыр 39 пайызға, операциялық табысы 9 пайызға өскен. Президенттің қабылдауында болған ұлттық компанияның төрағасы Нұрлан Жақыпов осылай деді. Ол жүзеге асырылған бірқатар ірі жобалар туралы есеп берді. Президент компания активтердің құнын арттырып, жобаларды уақытылы әрі сапалы жүзеге асыруды тапсырды.

Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:

Биыл біз 8 ірі инвестициялық жобаны іске қосатын боламыз. Мұнай-газ саласында «Каспий битум зауыты» және «Павлодар мұнай-газ зауытында» қысқы отын шығаратын боламыз. Әлеуметтік жобаларды атап айтсақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жоба туралы қазіргі таңда 106 мектепті іске қостық. Оның ішінде 84 мектепте оқу өтуде. Жылдың аяғына дейін 102 мектепті іске қосатын боламыз.

Оңғар Алпысбайұлы

Бөлісу