Тоқаев Көлік министріне сөгіс жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев Көлік министріне сөгіс жариялады

14.05.2025

Президент Көлік министрі Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады. Саладағы қордаланған проблемалар мен белгіленген межелердің орындалмауы жаңғырту жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіріп отыр. Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Елде шекарадан жүк өткізу қиындап кеткен. Көптеген өткізу бекеттерінің жағдайы нашар. Жаһандық сын-қатерлер күшейген кезеңде Қазақстан өзінің бәсекелестік артықшылығын сақтап қана қоймай, оны нығайта түсуге тиіс деген Мемлекет басшысы «Жасыл дәліз» жүйесін пайдаланудың маңызына тоқталды. Президент көлік-логистика саласындағы проблемаларды шешуге қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырды. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу