ШҚО-да 18 мың адам көлік салығын төлемей жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да 18 мың адам көлік салығын төлемей жүр

14.05.2025

Шығыс Қазақстан облысында 18 мың адам көлік салығын төлемей жүр. Берешек 637 миллион теңгеге жеткен. Кірістер Департаментінің мамандары қарыздың 223 миллионы бюджетке мүлде түспейді дейді. Өйткені борышкерлер автокөлігін сенімхат арқылы сатқан соң, мемлекеттік номері жойылып, кейбір көлік иелері шет елге көшіп кеткен. Ал тағы бір қала тұрғыны иелігінде бірнеше көлік бола тұра соңғы 5 жылда мүлде салық төлемеген. Берешегі 7,5 миллион теңгеге жеткен. Сондықтан мамандар борышкерлерді көшеден тоқтатып, төленбеген салықты мәжбүрлеу арқылы өндіруге кірісті.

Ясмина Нұрсолтанова, облыстық кірістер Департаменті басқарма басшысының міндетін атқарушы:

Рейд барысында ірі қарызы бар салық төлеушілердің көлігі арнайы айып тұраққа қойылады. Бұл салық заңнамасына сәйкес мәжбүрлі шара болып табылады. Бүкіл салық төлеушілер қарызын өтемегенше бұл жұмыстар жалғасады.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу