Жыл басынан бері елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 400-ден астам іс-шара өтті. Оған 1 миллион 400 мың адам қатысқан, оның 82 мыңы ерікті жастар. Нәтижесінде 121 мың тоннадан астам қалдық жиналып, 584 мың гектар аумақ тазартылса, 1 миллион 700 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, халықпен кері байланыс орнату мақсатында Telegram-да чат-бот іске қосылған. Қазірге дейін жүйеге 18 322 өтінім келіп түсіп, оның 16 907-сі орындалды. Ең белсенді қолданушылар — Алматы, Астана және Түркістан облысының тұрғындары.
Серік Жұмабек
