Ұлы Дала жорығында Ұлытау командасы көш бастап келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлы Дала жорығында Ұлытау командасы көш бастап келеді

14.05.2025

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жалпы қорытындысы бойынша Ұлытау облысы көш бастап келеді. Екінші орынға Астана қаласының құрамасы тұрақтаса, үздік үштікті Маңғыстау шабандоздары түйіндеді. Соңғы 4 күн аттар үшін де, шабандоздар үшін де оңайға соқпады, - дейді ұйымдастырушылар.

Жарыс жолын старт сызығынан бастаған 19 команданың 6-уы ғана 400 шақырымды еңсерді. 13 құрама дүбірлі доданы ерте аяқтады. Ақтық мәре бүгін Қонаев қаласында кесіледі. Халықаралық “Ұлы дала жорығы” марафон бәйгесінің жеңімпаз командасы да сол жерде анықталады.

Нұрсұлтан Омар, Маңғыстау командасының капитаны:

Жеңіске деген ұмтылыс жақсы әрине. Екі аттан айырылып қалдық. Не болды ол аттарға? Ол аттар жолдың ауырлығынан ғо сол. Тас. Әліптің артын бақ дейді ғой. Сомен жәйлап ұстап келе жатырмыз. Соңғы 100 км ге күшін сақтаймыз ғой аттардың.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу