Елімізде соңғы үш жылда экотуристердің саны 40 пайызға өсті. Қазақстанға 2023 жылы 2,5 миллонға жуық адам келсе, былтыр 2 миллион 800 мың турист сапарлаған. Жалпы бұл сала пандемиядан кейін біртіндеп еңсесін тіктей бастады. Экотуристер Іле Алатауы, Шарын шатқалы мен Алтынемел қорығы және Көлсайдағы көлдерге жиі барады. Ал еліміздің шығысындағы батыс Алтай мен Қатонқарай ұлттық паркі және Марқакөл өңіріне былтыр 15 мыңға жуық турист келген. Шетелдіктер Алтайдың тұмса табиғаты мен этно стильде көрсетілетін қызмет түріне қызығады. Ал соңғы 3 жылда өңірде эко және этнотуризм бірге дамып келеді. Туристер көктем мен жазда тарихи орындарды аралайды. Күз бен қыста «Шығыс салбурыны» фестивалін көруге асығады. Ендігі мәселе елдегі экомәдениетті қалыптастыру.
Сымбат Рамазанов, облыстық туризм кеңесінің төрағасы:
Экотуризмді дамытқанда табиғатты қоршаған ортаны қорғап қалу мәселесін де ұмытпауымыз керек. Яғни бұл жерде экомәдениетті де туристердің ішінде қалыптастырумыз керек. Осы орайда туристік мектептердегі, балабақшалардағы үйірмелер жанданып, халықтың табиғатты қорғауына ол жерде қоқыс тастап кетпеуіне осындай экомәдениетті қалыптастыру керек.
Олжас Керейхан
