Қарағанды облысында егіс науқаны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында егіс науқаны басталды

13.05.2025

Қарағанды облысында егіс науқаны басталды. Биыл алқап 105 мың гектарға артып, 1,2 млн гектар жер пайдалануға берілді. Өңірде азық-түлік бағасын реттеу мақсатында картоп пен көкөніс отырғызу ұлғайтылды. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, егіс науқанына бас аяғы 25 мың техника жұмылдырылмақ. Сонымен қатар тұқым шаруашылығына тыңайтқыштарды сатып алуға, су жеткізуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау көрсету қарастырылған. Естеріңізге сала кетсек, өңірде былтыр соңғы он жылда болмаған 1 миллион 300 мың тонна астық жиналды.

Сырым Бошпанов, облыстық а/ш басқармасы басшысының орынбасары:

Биыл бидай алқабын азайтып, майлы дақылдарды ұлғайту жұмысы жүргізілді. 109 мың тонна тұқым құйылып, тексеріліп, егу жұмыстары басталды.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу