Елімізде жалпы ішкі өнім 4 айда 6 пайызға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жалпы ішкі өнім 4 айда 6 пайызға өсті

12.05.2025

Биылғы төрт айда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында ЖІӨ өсімі 6 пайызға өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, экономиканың негізгі салалары көлік, құрылыс, сауда, байланыс және ауыл шаруашылығында өсім байқалды. Көлік саласында темір жол және құбыр көлігімен жүктерді тасымалдау қызметтері ұлғайды. Ал құрылыс саласында жұмыс көлемінің индексі 16,2%-ды құраса, сауда саласы 7%-ға өсіп, көтерме және бөлшек сауда көрсеткіштері жоғарылады. Түркістан, Ақмола облыстары мен Шымкент қаласы бұл көрсеткіш бойынша көш бастап тұр. Өнеркәсіпте өндіріс индексі 6,4%-ға жетіп, тау-кен секторы мен өңдеу өнеркәсібінде өсім байқалды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығының да көрсеткіші жаман емес. Өсім 3,9%. Сарапшылар мұндай жақсы көрсеткішті транзиттік тасымалдың артуымен байланыстырады.

Айбар Олжай, қаржы сарапшысы:

Алғашқы 4 айда экономиканың 6 пайызға өсуіне негізінен біздегі көлік, жүк тасымалының күрт артуы себеп болды. Себебі, жаңа теміржол желілері мен жаңа жол желілері іске қосылды және белсенді түрде біз теміржолмен жүктерді таси бастадық. Оның ішінде көбісі транзиттік және дәл осы күрделі құрылымды экономикалық өңдеу бағыты бойынша өскеніміз шын мәнінде көңілге үлкен медеу жасап отыр.

Серік Жұмабекұлы

Хабарламаларға жазылу