Президент пен Әбу-Дабидің тақ мұрагері келіссөздер жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент пен Әбу-Дабидің тақ мұрагері келіссөздер жүргізді

12.05.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаянды Ақордада қарсы алды.

Бұдан соң лидерлер екеуара келссөздер жүргізді. Кездесуде Тақ мұрагері Президентке зор ілтипат білдіргені үшін алғысын айтып, Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктері үшін сенімді әрі маңызды серіктес екенін атап өтті. Бүгінде қос мемлекет арасында энергетика, көлік, логистика, цифрлық инфрақұрылым, сондай-ақ басқа да салаларда ынтымақтастық бар. Араб компаниясы Жамбыл облысында жел электр станциясын салмақ. Бүгін Мемлекет басшысы бұл келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Сондай-ақ мәртебелі мейман цифрлық трансформацияда жасанды интеллект, суперкомпьютерлер, сондай-ақ ақылды қалалар бойынша қызметтерді дамытуда бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған сапар аясында құны 5 миллиард долларды құрайтын 20-дан астам коммерциялық келісімге қол қойылатынын құптады.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу