Алматыда 7 жастаға баланы көлік қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Алматыда 7 жастаға баланы көлік қағып кетті

Алматыда 7 жастаға баланы көлік қағып кетті

Алматыда тұрғын үй кешенінің ауласында 7 жасар бала көлік астына түсті. Бұл туралы қалалық полиция Департаменті хабарлады. Полицейлердің мәліметінше, оқиға кеше түскі уақытта болған. Көлік жүргізушісі аулада келе жатқанда жолды кесіп өтпек болып, жүгіріп шыққан баланы қағып кеткен. Салдарынан бала дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Мамандар оқыс оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Айдана Қуантхан

Бөлісу