Астана Grand Slam: 4 балуанымыз жүлдегер атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана Grand Slam: 4 балуанымыз жүлдегер атанды

10.05.2025

Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің екінші күні өтіп жатыр. Бүгін татамиге 9 балуанымыз шығып, бірінші айналымнан әрі аса алмады. Дегенмен жарыстың бірінші күні 4 бірдей спортшымыз жүлдегер атанды. Атап айтсақ, Париж олимпиадасының қола жүлдегері, 66 келі салмақта күрескен Ғұсман Қырғызбаев және 60 келі салмақта ересектер арасында дебют жасаған Талғат Орынбасар күміс медаль иеленсе, 60 келі салмақта белдескен Аман Бақытжан мен Мағжан Шамшадин қола медаль жеңді. Мағжан былтыр дәл осы турнирде алтыннан алқа тағын еді.

Мағжан Шамшадин, Дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі, Grand Slam турнирінің алтын және қола жүлдегері:

Жақсы өнер көрсеттік деп сенемін. Алтын болмағаны болмаса, жақсы өнер көрсеттік. 3-орын алдық. Дайындығымыз кермет болды. Әлем чемпионатына қатыспағалы біраз болған. Іште жанып тұрған бір сезім бар. Бұйырса соны шығарамыз.

Ертең жарыстың соңғы күні. Турнирге әлемнің 47 елінен 400-ден астам балуан қатысуда. Олардың арасында Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен Әлем чемпионаттарының жеңімпаздары бар. Сондықтан бұл алдағы Әлем біріншілігі мен 2028 жылы өтетін олимпидаға жолдама алуға мүмкіндік сыйламақ.

Айбек Имашев, Қазақстан Дзюдо федерациясының атқарушы директоры:

Спортшыларымыздың да осындай жарыстан шыңдалатынын бізге үлкен мүмкіндік, үлкен тәжірибе береді деп айтсақ болады. Осы жердегі спортшылардың барлығы дзюдодағы әлемдік рейтингтегі ұпайын жинайды. Бұл ұпай береді. Бірінші орынға – 1000, екінші орынға – 700, үшінші орынға – 500 ұпай еншілей алады.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу