Президент ақын, Халық жазушысы Темірхан Медетбектің отбасына көңіл айтты
Мемлекет басшысы ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, қоғам қайраткері Темірхан Медетбектің дүниеден өтуіне байланысты оның жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған, төл әдебиетіміз бен өнеріміздің жанашыры болған тегеурінді ақын еді. Көне түркі сарынын жаңғыртқан рухты шығармалары оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Қазақ баспасөзінің өркендеуіне елеулі еңбек сіңіріп, нағыз шығармашыл тұлға ретінде өнегелі өмір сүрді. Соңына әдеби бай мұра қалдырған Темірхан Медетбектің жарқын бейнесі мен есімі ұмытылмайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заңсыз ақша шығару ісімен айналысқандар жауапқа тартылады
15.09.2025, 20:48

Биыл 140 мың оқушы «Келешек мектептерінде» білім алып жатыр
15.09.2025, 20:03
Жамбыл облысында оқушы қатарластарының қолынан қаза болды
15.09.2025, 19:55
Елордада Жолдаудың негізгі тұстары сараланды
15.09.2025, 19:52
Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жоспар қабылданды
15.09.2025, 19:50
Алдағы 3 жылда мың мектепте тіс емдеу кабинеті ашылады
15.09.2025, 19:46
Бүгіннен бастап 25 мың жұмыскердің жұмыс кестесі өзгерді
15.09.2025, 19:45
Елімізде коммуналдық желілер жаңғыртылмақ
15.09.2025, 19:42