Шерзат ісі: Сотталушылардан жауап алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шерзат ісі: Сотталушылардан жауап алынды

06.05.2025

Шерзаттың ісіне қатысты бүгін сотталушылардан жауап алынды. Сондай ақ осы істі тергеген полиция қызметкері Медет Әділжанов оқиға жайлы баяндады. Сот отырысы жайлы әріптесім Дамир Нұрмұхаметтен білейік. Дамир, сіз эфирдесіз.

Қайырлы күн, Дархан. Иә, сот отырысында алғашқы болып марқұм Нұрғанат Ғайыпбаевтан жауап алған полиция қызметкері Медет Әділжан мән-жайды баяндады. Оның сөзінше тергеу кезінде Нұрғанат Шерзатты Шынасыл Абзал, ал өзін Нұрбол Тоқтаубаевтың пышақтағанын айтқан. Сотталушыларды фотодан танып, көрсеткен. Бұл жайында бейнежазба да көрсетілді. Ал мылтықты Шерзаттың әкелгені, бірақ суық қаруды қайдан алғанын білмеймін дегенін жеткізді.

Медет Әділжан, Талғар аудандық полиция басқармасының криминалды полиция бөлімінің басшысы:

Бұдан кейін сотталушылардан жауап алынды. Олардың 9-ы да отырысқа түгел қатысты. Алғаш болып Дархан Әскентай сөйледі. Айтуынша дүкенге сыра алуға барған және ақшасын төлеген. Телефонын дүкенде қуаттап, Қаржаубай Нұрымовпен тілдескен. Артынша Шерзат әкемді балағаттадың деп маған соққы жасады дейді. Алайда бүгінгі сот отырысында ол ешкімді тілдемедім деп жауап берді. Сондай ақ ол сотталушыларды бұрын соңды танымайтынын айтты. Бір қызығы сотталушы тараптың қорғаушылары судьядан прокурор Дана Сәрсенбайды бұл соттан шектетуді сұрады. Олар бұл өтініштерін прокурор істі обьективті қарауға кедергі жасайды, оқиғаға бір жақты қарайды деп түсіндірді. Алайда олардың өтінішн сот төрағасы қанағаттандырмады. Айта кету керек, сот отырысына бастапқыдай емес, қатысып жатқан адамдардың қарасы азайған. Процесс түстен кейін жалғасады.

Дамир Нұрмұхамет

Хабарламаларға жазылу