«Жарқын болашақ» Республикалық шығармашылық байқауы аяқталды
Қазақ тілінен өтетін «Жарқын болашақ» Республикалық шығармашылық байқауының қортындысы жарияланды. Қатарынан 13 жыл өтіп келе жатқан білім бәйгесі ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуді көздейді. Конкурсқа 7-11 сынып аралығындағы 7 мыңға жуық оқушы қатысқан. Оның 2 мыңға жуығы өзге этнос өкілдері. Бес бағыт бойынша өткен байқаудан 188 оқушы үздік атанды. Олар бағалы сыйлықтармен марапатталып, ЖОО білім гранттарына ие болды.
Дархан Ермаханұлы, «Білім – инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті:
Бұл олимпияданың басты мақсаты мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру, мемлекеттік тіл арқылы ұлттық құндылығымызды, бірегейлігімізді дәріптеу мақсатында өткізіп отырмыз. Өткен жылы 1800-ге жақын болса, биыл 2 мыңнан асып түсті. Яғни, қазіргі уақытта өзге ұлттың өкілдері, оқушыларымыздың қазақ тіліне қызығушылығының артып отырғанын осы тіл олимпиядасы арқылы байқап отырмыз.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58