Қызылорда облысында бүлдіршінді 25 жерден тістеген
Қызылорда облысы, Шиелі ауданында жеке балабақшада 1,5 жастағы бүлдіршіннің арқасын 25 жерден тістеген жағдайға байланысты тексеру басталды. Әзірге аталған оқиға бойынша баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген тәрбиешіге полиция әкімшілік шара қолданған.
Жалпы Шиелі кентіндегі «Раяна» жеке балабақшасы 2 мен 6 жас аралығындағы 50 балаға арналған. Бірақ кәсіпкер әлі екі жасқа да толмаған 8 бүлдіршінді топқа қабылдағаны белгілі болды. Ал балақайдың денсаулығына қалай зақым келгені бөбекжайдағы бақылау бейнекамерасының жадына сақталмапты. Салаға жауапты аудандық білім бөлімі тарапынан мән-жайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
Дәуренбек Әбдібекұлы, Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы:
Балабақшаның тәрбиешісіне, тәрбиешінің көмекшісін жұмыстан босату туралы алғашқы ұсынысымызды бердік. Ал енді әрі қарай жіберілген кемшіліктер, заңсыздықтар анықталған жағдайда біз мемлекеттік тапсырысты тоқтатуға шешім қабылдайтын боламыз.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58