«Аmazon» ғарышқа алғашқы интернет спутниктерін ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аmazon» ғарышқа алғашқы интернет спутниктерін ұшырды

29.04.2025

«Амазон» орбитаға интернет спутниктерінің алғашқы тобын ұшырды. Америкалық компанияның жерсеріктері Илон Масктың «Старлинк» жүйесіне тікелей бәсекелес болмақ. «Атлас Ви» зымыран тасығышы Флоридадағы Канаверал мүйісінен орбитаға 27 спутник жеткізген. Алдағы жылдары «Амазон» ғарышқа 3236 интернет спутник шығаруды көздеп отыр. Олар секундына 400 мегабит жылдамдықпен кең жолақты интернетті қолжетімді етпек.    

Арай Төлеген 

Хабарламаларға жазылу