Елімізде қосымша сақтандыру полистерін рәсімдейтін көлік жүргізушілері көбейген
Қазақстанда жол апатынан зардап шеккендер саны азаймай отыр. Биыл қаңтар-наурыз айлары аралығында жол апатынан 9 мыңнан астам адам жарақат алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 65,5%-ға көп. Осы уақыт аралығында 6 мың 2 жүзден астам жол апаты тіркеліп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көбейген. Ал жүргізушілер алатын міндетті сақтандыру өтемақысы шығындарды толық жаппайды. Әсіресе, көлікті жөндеуден бөлек, жарақат алғандарға немесе қайтыс болғандардың жақындарына төленетін қаржы тым аз. Сондықтан қазір жүргізушілер арасында қосымша сақтандыру полистерін рәсімдейтіндер көбейген. 2025 жылдың басында ерікті сақтандыру бойынша түсімдер 42 миллион теңгеден асып, бір жылда 62% өскен.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заңғар Нұрланұлы әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына енді
10.09.2025, 18:32

«Барыс» екінші ойында да жеңді
10.09.2025, 18:18
ӘЧ: Кешкі сессияда 7 боксшымыз шығады
10.09.2025, 18:16
Маңғыстау облысында үлгілі ауылдар анықталды
10.09.2025, 18:12
Өзбекстан диқандары қауынды қайта өңдеп, түрлі өнім шығаруда
10.09.2025, 18:04
Алматы облысының Ұйғыр ауданында ҚХА І сессиясы өтті
10.09.2025, 18:00
Түркістан облысында «Келешек мектептері» арқасында орын тапшылығы шешіле бастады
10.09.2025, 17:55
Интеллектуал жастар – ұлттық руханияттың тірегі
10.09.2025, 17:49