Шерзат Полаттың ісіне қатысты сотта куәгерден жауап алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шерзат Полаттың ісіне қатысты сотта куәгерден жауап алынды

28.04.2025

Талдықорғанда Шерзат Полаттың ісіне қатысты негізгі сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі отырысқа марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов пен оның отбасы қатыса алмады. Түске дейінгі сот процесінде куәгер Эльмира Нұрбекованың жауабы тыңдалды. Прокурор Ержан Құрақбаев куәгердің сот залында берген жауабы мен беттестіру хаттамасындағы бейнежазбада қарама-қайшылық бар екендігін анықтады. Сондықтан Нұрбекованың тергеу кезіндегі айтқаны қайта тыңдалып, 4 бейнежазба көрсетілді. Бірінші хаттамада ол сотталушы Абзал Шынасылдың қолынан пышақ көргенін айтқан. Ал бүгін ештеңе көрмедім деп жауап берді. Сот отырысы түстен кейін қайта жалғасады. 

Дамир Нұрмұхамет

Хабарламаларға жазылу