Жамбыл облысында 10 су қоймасы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында 10 су қоймасы салынады

26.04.2025

Жамбыл облысында алдағы бес жылда 10 су қоймасы салынады. Тозығы жеткен үшеуі жаңғыртылады. Бұл туралы Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің көшпелі отырысында айтылды. Бүгінде Қалғұты, Ақмола және Ырғайты су қоймасы сараптамадан өтті. Ал Теріс-Ащыбұлақ пен Қарақоңыз қоймасы жаңғыртылмақ. Аймақ бойынша 417 шақырым болатын 76 канал бетондалады. Бұдан бөлек Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің қаржысына бес ауданда 34 жоба іске асып жатыр. Нәтижесінде өңірде 80 мың гектардан астам суармалы жерді пайдалануға мүмкіндік туады.

Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Үкіметке, басқа ұйымдарға берген ұсыныстарымыздың өңірлерде қалай жүзеге асып отырғанын біріншіден қарап, бақылап және де қажет болса Үкіметке тиісті ұсыныстар дайындау мақсатымен келіп отырмыз. Біз ертең аудандарға шығамыз, су объектілерін қараймыз. Ветеринария объектілерін көреміз. Қалай жетілдіруге болады, қалай шешуге болады, соның жолдарын қарап, депутаттық үлесімізді қосатын боламыз.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу