Үндістан мен Пәкістан арасындағы басты өткел жабылды
Үндістан Кашмирдегі шабуылдан кейін Пәкістанмен арадағы негізгі өткелді жапты. Ресми Дели лаңкестік әрекетке Пәкістанды айыптап отыр. Сол себепті шекараны жауып, пәкістандықтарды визасынан айырып, 48 сағатта олардың елден кетуін талап етті. Бұған қоса, Үндістан Пәкістандағы әскери атташелерін кері шақырды. Исламабадтағы дипломатиялық миссиясының персоналын қысқарту туралы шешім қабылдады. Ал Пәкістан билігі Кашмирдегі лаңкестік шабуылға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Туристер арасында танымал Пахалгам қаласында қарулы топтың шабуылынан 26 адам мерт болды. Марқұмдардың барлығы туристер. «Рейтердің» мәліметінше, шабуылды «Қарсыласу майданы» атты көтерілісшілер тобы мойнына алды.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда алғашқы заманауи өнер мұражайы ашылды
10.09.2025, 10:29

Солтүстік Аралды сақтап қалу жобасының екінші кезеңі басталмақ
10.09.2025, 10:28
Импортқа тәуелділікті азайту – стратегиялық міндет
10.09.2025, 10:26
Жолдау: Президент транзиттік тасымал көлемін арттыруды тапсырды
10.09.2025, 10:25
«AMANAT» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдірді
10.09.2025, 10:23
Цифрлық штаб жолдауды орындау үшін бірқатар шешім қабылдады
10.09.2025, 10:21
Францияда жаңа премьер-министр тағайындалды
10.09.2025, 10:20
Израильдің соққысынан Дохада «Хамастың» 5 мүшесі мерт болды
10.09.2025, 10:18