Қазақстан мен АҚШ екіжақты сауда-инвестициялық ынтымақты талқылады
Қазақстан мен АҚШ екіжақты сауда-инвестициялық ынтымақтың басым бағыттарын талқылады. Вашингтонда екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдетуге арналған жиын өтті. Ұлттық банк төрағасы бастаған Қазақстандық делегация елдің қаржылық, экономикалық ахуалы жайлы айтып берді. АҚШ Сауда палатасының өкілдері Қазақстанның қолма-қол ақшасыз экономика құру бағытындағы жетістіктерін жоғары бағалады.
Тимур Сүлейменов, Ұлттық банк төрағасы:
Америка Сауда-өнеркәсіп палатасы АҚШ бизнесін біріктіретін үлкен ұйым. Бізге инвестициялар қажет болғандықтан, тікелей шетелдік инвестицияларды, технологияларды, серпінді тәжірибелерді тарту маңызды. Сол себепті біз үшін тек мемлекеттік құрылымдармен емес, сонымен қатар бизнес пен іскерлік қауымдастықтармен тікелей диалог орнату аса маңызды деп санаймыз.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29