Бүгін - Ұлттық кітап күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Ұлттық кітап күні

23.04.2025

Үшінші Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы 23-сәуірді рухани мереке деп белгілеп, мазмұнды атап өтуді тапсырған. Бұл бастама халық тарапынан кең қолдау тапты және елдегі оқу мәдениетін қалыптастыруға жасалған маңызды қадам ретінде бағаланды. Бүгінде елімізде кітапқа құмар жандардың да қатары артқан. Мәселен, былтырғы жылдың қорытындысына сәйкес, қоғамдық кітапханаларға барған оқырмандардың жалпы саны 54 млн-нан асқан.

Ернұр Медет


Хабарламаларға жазылу