Президент Әкім Таразидің жақындарына көңіл айтты
Қазақ әдебиетінің алыбы Әкім Таразидің өмірден өтуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оның жұбайы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Роза Мұқанова мен балаларына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:
Әкім Тарази бүкіл саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді төрге оздырған ұлтымыздың біртуар перзенті еді. Дарынды қаламгер қазақ прозасының көкжиегін кеңейтті, ұлттық кино және драматургия саласына өлшеусіз үлес қосты. Асыл мұратынан ешқашан айнымаған қалам иесін көзі қарақты оқырман «Әдебиет әлемінің Әкімі» деп ардақ тұтты, зиялы қауым оның шығармашылығымен қатар адамгершілік қасиеттерін ерекше бағалады. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол мұра қалдырған Әкім Таразидің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заңғар Нұрланұлы әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына енді
10.09.2025, 18:32

«Барыс» екінші ойында да жеңді
10.09.2025, 18:18
ӘЧ: Кешкі сессияда 7 боксшымыз шығады
10.09.2025, 18:16
Маңғыстау облысында үлгілі ауылдар анықталды
10.09.2025, 18:12
Өзбекстан диқандары қауынды қайта өңдеп, түрлі өнім шығаруда
10.09.2025, 18:04
Алматы облысының Ұйғыр ауданында ҚХА І сессиясы өтті
10.09.2025, 18:00
Түркістан облысында «Келешек мектептері» арқасында орын тапшылығы шешіле бастады
10.09.2025, 17:55
Интеллектуал жастар – ұлттық руханияттың тірегі
10.09.2025, 17:49