Басты Жаңалықтар Президент Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасымен бейресми кездесу өткізді

Президент Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасымен бейресми кездесу өткізді

Қазақстан Түрікменстанның Галканыш кен орнын игеру жұмыстарына қатысады. Түркістан қаласында өткен бейресми кездесу кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов осы мәселеге мән берді. Тараптар автомобиль және темір жол арқылы тасымалданатын жүктің көлемін арттыру, ІТ саласындағы ынтымақтастық мәселесін де қозғады. Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті Халықаралық бейбітшілік және сенім жылының басталуымен құттықтады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқаны қуантады. Газ саласында, сондай-ақ көлік-логистика бағытында стратегиялық маңызды жобалар бар. Біз бұл жұмыстарды бақылауда ұстаймыз. Өйткені оның нәтижесі қазақ-түрікмен экономикалық байланыстарын одан әрі өркендетуге ықпал етеді.

Гурбангулы Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы:

Екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың перспективасы мол. БҰҰ аясында Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылын жариялау жөніндегі Түрікменстанның бастамасына қолдау көрсеткеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін.

Оңғар Алпысбайұлы

Бөлісу