Қазақ тілін үйренетін өзге этнос балалары көбейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ тілін үйренетін өзге этнос балалары көбейіп келеді

21.04.2025

Қазақ тілін үйренетін өзге этнос өкілдері балаларының саны артып келеді. Сала мамандары осылай дейді. Мысалы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдық тарихы бар «Мың бала» жобасына қатысушылар саны соңғы жылдары 100 мыңға жеткен. Арасында қазақ тілінде еркін сөйлеп, шығарма жазатындары көп. Қазір ассамблея тілді оқыту мен оның қолданыс аясын кеңейтудің тың тәсілдерін енгізіп жатыр.

Камал Әлпейісова, филология ғылымдарының кандидаты, жазушы:

Тілді  әріппен, сөзбен емес, сол ортаға сіңіру арқылы үйретеді.  «Тілге бойлау» деп айтамыз. Соны біз өзімізге бейімдедік. Сөйтіп сөйлесу арқылы, пікірлесу арқылы үйретуді біз қолданып жүрміз. Нәтижесі өте жақсы. Қазіргі кезде этнос өкілдерінің балалары қазақ тіліне деген қызығушылығы орыстілді балаларға қарағанда әлдеқайда жоғары.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу